Антальяда футболдан «Астана» мен «Металлург-Кузбасс» командалары өзара күш сынасады
АЛМАТЫ. 26 қаңтар. ҚазАқпарат - Бүгін Түркияның Анталья қаласында «Астана» мен «Металлург-Кузбасс» командалары арасында бақылау ойыны өтеді. Бұл астаналық аяқдопшыларлың Түркиядағы екінші оқу-жаттығу жиыны аясындағы алғашқы спаррингтік кездесуі болмақ. Олардың бұл жолғы қарсыласы 2011/2012 жылғы маусымда Ресейдің Екініш дивизионының «Батыс» аймағында бірінші орын алып, 2012/2013 жылғы маусымда Футбол лигада бақ сынауға мүмкіндік алған еді.
Владимир Федотов жаттықытыратын новокузнецкіліктер бірнеше күн бұрын Қазақстан Премьер-лигасында өнер көрсететін Қостанайдың «Тобыл» командасымен 0:0 есебімен тең түскен болатын. Құрамында Чехия және Грузия елінің легионерлері бар «Металлург-Кузнецк» командасы өзінің қазіргі атауын 2003 жылы иеленген болатын. Оған дейін олар әр жылдары «Металлург-Запсиб, «Запсибовец», «Металлург Востока» «Кузнецк-Сталинск» деп аталып келген еді.