Антальяда Гераклдың антикалық мозайкасы табылды

АНТАЛЬЯ. ANADOLU – ҚазАқпарат – Мозайка Жерорта теңізінің жағалауындағы Сьедра қаласына қазба жұмыстарын жүргізу барысында табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Anadolu агенттігіне сілтеме жасап.

Антальяда Гераклдың антикалық мозайкасы табылды

Түркияның Анталья провинциясындағы Алания ауданына қазба жұмыстарын жүргізу барысында 164 шаршы метрлік антикалық мозайка табылды. Онда Гераклдың 12 батырлығы бейнеленген.

Бұл туралы Караманоглу Мехметбей университеті археология кафедрасының мұғалімі Эртуг Эргюрер мәлім етті. Оның айтуынша, мозайка 2019 жылдан бері қазба жұмыстары жүріп жатқан Сьедра антикалық қаласынан табылған.

«Біз Гераклдың мозайкасын 2020 жылдың соңында толық аштық. Мозайкада Гераклдың 12 батырлық ісі бейнеленген. Барлық мифологиялық сахнадар жақсы сақталған. Қазіргі таңда археологтар командасы әлемге Гераклдың мозайкасын және басқа да құнды жәдігерлерді сыйлау үшін жұмыс істеп жатыр. Мозайка біздің заманымыздың екінші ғасырында жасалған. Оның ені - 7,9 метр, биіктігі - 21,91 метр», - деді ол.


Фото: aa.com.tr