Антальяда өтіп жатқан турнирде дзюдошы Максим Раков күміс жүлде алды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Антальяда дзюдодан өтіп жатқан «Гран-при» жарысында 100 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен қазақстандық Максим Раков күміс жүлдегер атанды, деп жазады «Хабар 24».
Максим жартылай финалда ресейлік Нияз Ильясовты жеңіп, финалда оның отандасы Адлан Бисултановқа есе жіберді. Ауыр және аса ауыр салмақта белдескен Зарина Райфова мен Альбина Амангелдиева қола медальға қол жеткізді.