Антальяда полициямен атыс кезінде содыр мерт болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркияның Анталья қаласында полиция өкілдерімен болған атыс кезінде содыр мерт болды. Бұл туралы Anadolu агенттігі хабарлады.
Оқиға сәрсенбі күні кешкісін Коньялта ауданында болды. Арнайы операция кезінде полиция екі содырмен атысқан. Атыс кезінде содырлардың бірі мерт болып, екіншісі жарақат алып қолға түсті. Мерт болған содырдың өзін гранатамен жарып жібергені айтылады.
Риа Новости агенттігінің Haberturk телеарнасының алдын ала мәліметтеріне сілтеме жасап берген хабарынша, содырлар Түркияды қызметі тыйым салынған Күрдістанның жұмысшы партиясының мүшелері болып отыр.