Антальяда жағажайда жарылыс болды
АСТАНА. 26 тамыз. ҚазАқпарат - Түрiктің Анталья қаласының жағажайында бүгiн граната жарылды. «ХаберТюрк» телеарнасының дерегіне қарағанда, жергілікті және шетелдік туристердің арасында зардап шеккендер жоқ,
деп хабарлайды ИТАР-ТАСС.
Телеарнаның дерегі бойынша, Коньяалты ауданындағы жағажайлардың бірінде жарылыс болған. Оқиға орнына полицейлер, «жедел жәрдем», бірнеше өрт сөндіру машинасы келді.
Жарылыс болғаннан соң, демалушылардың бойын үрей билеп, жағажайды тастап кетті. Кейбiр туристер есінен танып қалды, оларға сол жерде медициналық көмек көрсетілді.
Билік орындары оқиға орнын қоршауға алып, тергеуді бастады.