08:41, 30 Желтоқсан 2009 | GMT +5
Антальяның бір бөлігін су басып қалды
АСТАНА. Желтоқсанның 30-ы. ҚазАқпарат - Түркияда Анталья курорттық аймағының бір бөлігі нөсер жауынның салдарынан су астында қалды,

деп хабарлайды «Азаттық» радиосы.
Толассыз жауған жаңбыр үйлерді, көшелерді, жағалаудағы қонақүйлер мен дүкендердің бірінші қабаттарын судың басып қалуына әкеліп соқтырды. Полиция мен өрт сөндірушілер жергілікті тұрғындарды көшірумен айналысуда. Кейбір аудандарда адамдар қайықпен жүруге мәжбүр.
Ал Ыстамбұлда қатты жел халықаралық әуежайда апатқа себеп бола жаздады. Жергілікті әуе компаниясының үлкен жолаушы ұшақтарының бірі желдің екпінімен тұрағынан жылжып кеткен. Лайнер, басқа ұшақтарға соқтығысып барып қана, тоқтаған.