Анталияда EXPO 2016 дүниежүзілік көрмесі ашылды (ФОТО)
АСТАНА. ҚазАқпарат - Олимпиадалар мен әлем чемпионаттарынан кейінгі адамдардың келуі жағынан ірі шаралардың бірі - EXPO 2016 дүниежүзілік ботаникалық көрмесі өзінің тарихында алғаш рет түріктің Анталиясында ашылды, деп хабарлайды Anadolu agency.
Салтанатты ашылу рәсіміне Түркия президенті Реджеп Тайип Эрдоған, премьер-министр Ахмет Давутоғлу, СІМ басшысы Мевлют Чавушоғлу, сондай-ақ әлемнің 53 елінің өкілдері қатысты.
EXPO 2016 тақырыбына «Гүлдер мен балалар» сөзі таңдалды, ал ұраны «Болашақ ұрпаққа жасыл әлем» сөзі болды.
Көрме Түркияның күллі әлемге тарихи және мәдени құндылықтарын паш етуге, сондай-ақ биоалуандығын, ауыл шараушылығын және экономикалық әлеуетін танытуға мүмкіндік береді. Корме жұмысы алты айға созылады.