Анталияда туристік автобус апатқа ұшырап, екі адам қаза тапты
АНКАРА. ҚазАқпарат - Түркияда қытайлық туристерді тасымалдаған автобус апатқа ұшырап, кем дегенде екі адам қаза тапты, деп хабарлайды ТАСС.
Türkiye газетінің жазуынша, туристік автобус Анталиядан Каппадокияға бара жатқан. Сапар барысында ол екі жеңіл көлікпен соқтығысқан. Көптеген адамдар жарақат алып, жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді.
Апаттың мән-жайы белгісіз.
Фото: turkiyegazetesi.com.tr