Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Анталиядағы Гран-при: Қазақстандық 3 дзюдошы үздік бестіктен көрінді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық дзюдошылар Анталияда (Түркия) өтіп жатқан Гран-при жарысындағы белдесулерін аяқтады, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА ҚР Ұлттық Олимпиада комитетіне сілтеме жасап.

Анталиядағы Гран-при: Қазақстандық 3 дзюдошы үздік бестіктен көрінді

Өкінішке орай, қазақстандық спортшылардың жүлде алуына мүмкіндік тумады. Олардың үшеуі үздік бестіктен көрінді. Олар: Ержан Еренғайыпов (60 кг), Елдос Жұмаханов (66 кг) және Камила Берликаш (+78 кг).

Тағы үш спортшы 7-ші орынды місе тұтты. Олар: Севара Нышанбаева (57 кг), Зарина Райфова (78 кг) и Гүлжан Исанова (+78 кг).