Анталиядан Алматыға бағыт алған ұшақ Шымкент әуежайына қонуға мәжбүр болды

АСТАНА. 18 мамыр. ҚазАқпарат - Бүгін сағат 03.17-де Түркияның Анталия қаласынан ұшып шыққан «КОRЕNDОН» әуекомпаниясының Боинг-737-800 ұшағы техникалық себептерге байланысты жерге қонуға мәжбүр болды. Ұшақ «Анталия-Алматы» бағытымен ұшқан болатын, деп хабарлайды ҚР ТЖМ.

Анталиядан Алматыға бағыт алған ұшақ Шымкент әуежайына қонуға мәжбүр болды

Әуе кемесінің бортында 156 жолаушы мен 8 экипаж мүшесі болған. Ұшақ 03.37-де Шымкент қаласының әуежайына қонды. Зардап шеккендер жоқ.