20:15, 09 Наурыз 2024 | GMT +5
Антальядағы турнирде екі спортшымыз қола жүлдені еншіледі
АСТАНА. KAZINFORM - Түркияның Анталья қаласында белгілі палуандар Яшар Догу, Хамит Каплан және Вехби Эмрені еске алуға арналған дәстүрлі халықаралық турнирде ұлттық құрама спортшылары тағы 2 жүлдеге қол жеткізді.

Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі мәлім еткендей, грек-рим күресінен 60 келіге дейінгі салмақта Мейрамбек Айнағұлов пен 77 келі салмақта Тамерлан Шадукаев қола жүлдегер атанды.
Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін әйелдер арасындағы белдесулер өтіп, қазақстандық арулар 2 күміс, 4 қола медальмен жалпы есепте үшінші орынға ие болған еді.
Айта кетейік, биыл тарихы терең турнирде 25 мемлекеттен келген 600-ден астам балуан бақ сынап жатыр.