19:23, 20 Желтоқсан 2018 | GMT +5
Антарктидада экстремал марафоншылардың жарысы өтті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Антарктидада экстремал марафоншылардың мұз үстіндегі жыл сайынғы Antarctic Ice Marathon жарысы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат euronews.com-ға сілтеме жасап.
Бұл өзі ерекше бәсеке. Спортшылар әдеттегідей су құйылған бөтелкелердің орнына ыстық сусын алып, жермен емес ұшы-қиыры жоқ мұздың үстімен жүгіреді.
Биылғы жарысқа қатысқан 15 елдің марафоншылары арасында Польша және Литвадан келген спортшылар жеңімпаз атанды. Ерлер арасында ең қысқа уақыт 3 сағат 49 минут, ал әйелдер арасында 5 сағат 3 минутты құрады. Сарапшылардың айтуынша, қатаң ауа райы жағдайларында осының өзі жақсы жетістік.
Бір қызығы, Антарктида марафонына қатысу үшін ерік-жігерлі болудың өзі жеткіліксіз, ол қалталы болуды да қажет етеді. Мұзды құрлыққа келіп, марафон қашықтығын бағындыру үшін әрбір қатысушы 15 мың еуро төлеуіне тура келген.