Антарктидада тарихта болмаған суық температура тіркелді

АСТАНА. 9 желтоқсан. ҚазАқпарат - Антарктидадағы жапониялық «Купол Фудзи» зерттеу стансасында ауа температурасы Цельсий шкаласы бойынша минус 91,2 градусты көрсетіп, жаңа рекорд орнатты,

Антарктидада тарихта болмаған суық температура тіркелді

деп хабарлайды The Sunday Times. Жер бетінде бұрын-соңды мұндай төмен температура болмаған дейді ғалымдар.

Ауа-райы өлшемін жер серіктері берген мәліметтерге сүйене отырып америкалық қар мен мұзды зерттеу орталығы анықтаған. Мамандардың мәліметінше, температураның рекордтық көрсеткіші теңіз деңгейінен 3720 метр биіктікте, желсіз, жауын-шашынсыз кезде орын алыпты.

Бұған дейін ең суық температура 1983 жылы тіркелген болатын. Ол кезде "Восток" кеңестік зерттеу орталығының маңында термометр Цельсий шкаласы бойынша -89,2 градусты көрсеткен еді, деп хабарлайды Baq.kz.