Антарктидадан үлкен жарықшақ табылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Британдық геофизиктер Ларсен C мұз қайраңындағы жарықшақ көлемінің күрт өскенін байқады. Оның ұзындығы 2016 жылдың наурыз айынан тамызға дейін 22 шақырым өскен, деп хабарлады Lenta.ru.
Өткен бақылауларға қарағанда, 2016 жылы жарықшақ тез өскен. Егер дәл осылай жалғаса берсе, мұздықтың ірі бөлігінің он пайызы бөлініп қалуы мүмкін.
Фото: nsidc.org