Антарктика мұзының астынан жанартау табылды
АСТАНА. 18 қараша. ҚазАқпарат - Американдық ғалымдар Батыс Антарктиканың мұз жамылғысының астында магма қозғала алатынын анықтады.
Мұндай шешімге олар Батыс Антарктика мұзының астында бірнеше шақырым тереңдіктегі жанартауды тапқаннан кейін келіп отыр.
Олардың жаңалығын сейсмикалық өлшеулер де нақтылады, деп хабарлады Газета.Ru.
Ғалымдар жанартаудың табылуы Батыс Антарктикадағы мұз жамылғысының астында магманың қозғалу мүмкіндігін растайды деген пікірде.