Антарктика жағалауында әлемдегі ірі теңіз қорығы ашылмақ

АСТАНА. 14 шілде. ҚазАқпарат - Бремерхафенде (Германия) Антарктика тірі теңіз ресурстарын сақтау жөніндегі халықаралық комиссияның арнайы ғылыми отырысы басталды, деп хабарлады Лента.ру.
None
None

Халықаралық комиссия Антарктика жағалауында әлемдегі ең ірі теңіз қорығын жасау мәселелерін тақылауда. Шара 16 шілдеге дейін созылады.

Әңгіме Росса теңізі деп аталатын көлемі 2,3 миллион шаршышақырымды алып жатқан аумақ жөнінде болып отыр. Осы теңіздің экожүйесі әлемдік мұхиттың бірегей тұмса табиғаты болып саналады. Сонымен қатар Антарктиданың жағалауында көлемі 1,63 миллион шаршышақырымдық бірнеше ауданды қорғауға алу ұсынылуда. Бұл аймақтарда көптеген тірі организмдер (10 мыңнан астам) тіршілік етеді, соның ішінде пингвиндер, киттер және теңіз мысықтары бар.

Оңтүстік мұхит - Антарктиканы қоршаған сулардың шартты атауы. 2000 жылы Халықаралық гидрогеографиялық ұйым Оңтүстік мұхитты ресми тану туралы дауыс беру өткізді. Оған анықтама ретінде «оңтүстік ендіктің 60-паралелінен оңтүстікке қарай су алабы» ұсынылды.

Соңғы жаңалықтар