Антициклон Қазақстанның солтүстік аумақтарына ықпал етеді - 18 ақпанға арналған ауа райы болжамы

АСТАНА. 17 ақпан. ҚазАқпарат - Қазақстан аумағының солтүстік жартысы 18 ақпан күні антициклонның ықпалында болады, деп хабарлайды Қазгидрометке сілтеме жасаған ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметі.

Антициклон Қазақстанның солтүстік аумақтарына ықпал етеді - 18 ақпанға арналған ауа райы болжамы

«Каспийдің оңтүстігінен республиканың оңтүстік бөлігіне циклон жылжып келе жатыр. Онымен байланысты фронтальдық бөліктер бұл жерде жауын-шашынның түсуіне, желдің күшеюіне, жекелеген аудандарда - тұманға әкеліп соқтырады», - деп нақтылайды синоптиктер.

Маңғыстау облысында кейбір жерлерде тұман түсіп, желдің секундына 15-20 метрге дейін күшеюі күтіледі.

Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының жекелеген аудандарында кейбір жерлерде желдің күші секундына 15-20 метрге дейін жетіп, жаяу бұрқасын болады деп күтілуде.

Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарының кейбір жерлерінде желдің күші секундына 15-22 метрге дейін жетеді.

Жамбыл облысының кейбір жерлерінде желдің күші секундына 15-20 метрге дейін жетіп, тұман, көктайғақ байқалады.

Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарында - кейбір жерлерде желдің секундына 15-20 метрге дейін күшейеді, тұман болады. Алматы облысында түнде және таңертең кейбір жерлерде тұман болады, Жалаңашкөл стансасы аймағында - оңтүстік-шығыстан секундына 18-23 метрге дейін соғатын желдің екпіні 28 метрге дейін күшейе түседі.

Таяудағы үш тәулікте Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Жамбыл, Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарының өзендерінде мұз құбылыстарына байланысты су деңгейлерінің ауытқулары байқалады. ОҚО тауларының төменгі аумақтарындағы өзендерде қардың еруі және жауын-шашынға байланысты су деңгейлерінің көтерілуі мүмкін. 18-20 ақпан күндері Шардара су қоймасына 1420-1430 м3/с шамасында су құйылады деп күтілуде.