Антигуа тұрғындары Обаманың құрметіне тауды атады

АСТАНА.  Тамыздың 5-і. ҚазАқпарат - Кариб  теңізіндегі   Антигуа  және   Барбуда  мемлекетінің   екі аралының  бірі  - Антигуадағы  Богги деп аталатын ең  биік  тау   АҚШ   президенті Барак  Обаманың  құрметіне  аталатын  болды,

Антигуа тұрғындары Обаманың  құрметіне тауды атады

деп   хабарлайды  ҚазАқпарат РБК агенттігіне  сілтеме  жасап.

Арал тұрғындары  АҚШ-тың   тұңғыш қара нәсілді  президентіне  деген құрметтерінің белгісі ретінде   әлгі таудың атын   өзгерту  туралы  шешім  қабылдап отыр. Таудың етегіне  «Обама тауы, Барак Хусейн  Обама АҚШ-тың  тұңғыш қара нәсілді   президенті атанған 2008   жылғы  қарашаның  4-індегі  тарихи    сайлаудың  құрметіне.  Шын жүректен»  деген     жазуы  бар  тас  монумент  орнатылған.   Таудың аты   Обаманың туған  күні - тамыздың 4-інде    өзгертіліп отыр.