Антикор Алматы ТЖД басшысын ақтаған сот үкімімен келіспейді

сот
Фото: Pexels

АСТАНА. KAZINFORM – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Алматы қаласы төтенше жағдайлар департаментінің бұрынғы басшысын ақтаған сот шешіміне қарсы талап арыз береді. Бұл жайында ведомствоның ресми өкілі Арман Тілеукенов брифингіде айтты.

«Руслан Қасыбаевты сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қылмыстық кодекстің 366-бабы 3-бөлігі (қызмет бабын асыра пайдалану) бойынша іс қозғап, айыптаған болатын. Бірақ сот оны ақтап шығарды. Біз бұл ұстаныммен келіспейміз», - деді ол.

Арман Тілеукенов Бас прокуратура да бұл іс бойынша қарсы уәж әзірлеп жатқанын айтты.

Бұған дейін аталмыш тұлға өрт сөндіру бөлімін техникалық қадағалау құжаттарынсыз қолданысқа қабылдағаны үшін жауапқа тартылған болатын.

Соңғы жаңалықтар