Антикор: БҚО әкімінің орынбасары ұсталған жоқ

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Ақжайық» ӘКК экс-басшысын Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ұстағаны туралы ақпарат — жалған. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі хабарлайды.
None

«Кейбір бұқаралық ақпарат құралдарында және telegram-арналарда Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары мен «Ақжайық» ӘКК экс-басшысын Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ұстағаны туралы ақпарат таратылуда.
Бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Аталған адамдар ұсталған жоқ.
Қылмыстық істерді тергеу туралы барлық өзекті ақпараттар Антикордың ресми сайтында және telegram-арнасында жарияланады.
Азаматтардан ресми көздерден алынған ақпаратқа сенуді сұраймыз» делінген хабарламада.


Соңғы жаңалықтар