Антикор былтыр 653 млрд теңгенің активін мемлекетке қайтарған

АСТАНА. ҚазАқпарат – Былтыр сыбайлас жемқорлық күдігіне ілінген 83 адамға іздеу жарияланып, 24-і ұсталған. Олардың арасында 11 жыл бойы ұстатпай жүрген күдікті де бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Антикор былтыр 653 млрд теңгенің активін мемлекетке қайтарған

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 2022 жылғы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы ұлттық баяндамасында осы және өзге деректер келтірілген.

«Жалпы, агенттік 653 млрд теңгеге жуық сомадағы мүліктік активтер мен ақшалай қаражатты қайтарды. Сыбайлас жемқорлық қылмысы туралы хабарлағаны үшін 134 адамға 40,6 млн теңге сыйақы төленіп, 7 мемлекеттік қызметші грамотамен марапатталды», - деп жазылған ұлттық баяндамада.

Агенттіктің мәліметі бойынша, 2022 жылы 83 адам іздестірілген.

«Қабылданған шаралардың арқасында олардың саны 59-ға дейін азайды. Елдің шегінен тыс жерде 6 адам ұсталды, олардың біреуі 11 жылдан астам іздеуде болған», - делінген ресми мәліметте.