Антикор: Өзіне қол салған салық қызметкеріне қатысты қылмыстық іс қозғалмаған
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі салық инспекциясының қызметкері Нұртай Сапарбеков суицид жасады деген ақпаратқа қатысты түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Кейбір БАҚ-та, әлеуметтік желілерде және мессенджерлерде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметте жауап алғаннан кейін салық инспекторы Нұртай Сапарбеков суицид жасағаны туралы ақпарат таратылуда. Осыған байланысты ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі өзінің істерінде аталған азаматқа қатысты қылмыстық істер болмағанын хабарлайды. Таралып жүрген а қпарат шындыққа жанаспайды» делінген хабарламада.