Антикор Шымкентті жылумен қамтамасыз ететін кәсіпорынға талдау жүргізіп жатыр
ШЫМКЕНТ. KAZINFORM — Қалалық энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасына қарасты «Қуатжылуорталық-3» МКК жіті бақылауға алынды.

Заңдылық пен тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті «Қуатжылуорталық-3» МКК-на сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізуді бастады.
— Талдау барысында мекеменің қызметі, бюджетті жоспарлау және игеру, тарифтер, инвестициялық бағдарламаларды іске асыру, жылу желілерін жөндеу және өзге де мәселелер қарастырылады, — делінген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің баспасөз қызметі ұсынған ақпаратта.
Талдауға департамент қызметкерлерімен қатар, мүдделі мемлекеттік органдардың сарапшылары мен азаматтық қоғам өкілдері де тартылады. Сондай-ақ, бұл іске қала тұрғындарыныңда қатысуына мүмкіндігі бар. Егер Сізде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туралы ақпарат немесе осы саладағы жұмысты жетілдіру бойынша ұсыныстар болса, kaldybaev.n@antikor.gov.kz электронды поштасына немесе WhatsApp арқылы 87715186834 нөміріне жолдауға болады.
Айта кетейік, бұдан бұрын Шымкенттегі «көктем» базары көшірілетіндігін жазған болатынбыз.