«Антиструмин» ісі: Өзбекстан бас прокуратурасы мәлімдеме жасады

Өзбекстан Бас прокуратурасы «Антиструмин» препаратына қатысты қылмыстық іс бойынша ресми мәлімдеме жасады
Фото: ӨзА

Ресми мәлімдемеге сәйкес, Өзбекстанның бас прокуратурасы қылмыстық іс жүргізу заңнамасы негізінде «Антиструмин» препаратына қатысты қылмыстық іс бойынша алдын ала тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Kazinform Өзбекстан Бас прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Қазір бұл қылмыстық іс бойынша тергеу аяқталмаса да, 3 әйелдің ұсталғаны туралы ақпарат бұқаралық ақпарат құралдарында әртүрлі түсіндірмелермен таралып жатыр.

Онда тергеудің объективті және бейтарап өтуіне кедергі келтіретіні атап өтілген.

Сондықтан Қылмыстық іс жүргізу кодексінің талаптарын негізге ала отырып, жеке мәліметтерді таратуға және тергеуге араласуға заңмен тыйым салынғаны айтылады.

Сондай-ақ ол БАҚ өкілдері мен әлеуметтік желі қолданушыларын тергеу аяқталмайынша бұл қылмыстық іс туралы ақпаратты әлеуметтік желілерде таратпауға шақырды.

«Тергеу нәтижесі қосымша хабарланатын болады», - делінген Бас прокуратураның хабарламасында.

Еске сала кетейік, бұған дейін Өзбекстанда балаларды йодпен қамтамасыз ету бағдарламасы басталғаны хабарланған болатын.

Сондай-ақ Өзбекстанда 70-тен астам бала уланып, ауруханаға түскен.

Соңғы жаңалықтар