Антонио Гутерриш: Азияның бейбіт әрі өркендеген аймақ болуы бәріміз үшін ұтымды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – БҰҰ Бас хатшысы Антонио Гутерриш Астанада өтіп жатқан Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің алтыншы саммитіне онлайн қатысып, сөз сөйледі. Бас хатшы өткен 30 жылда Азия елдері арасындағы диалогтың маңызды тұғырнамасына айналғанын атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҰҰ Бас хатшысы АӨСШК VI саммитінің пленарлық отырысында сөйлеген сөзінде геосаяси шиеленістер мен қақтығыстардың артып келе жатқан тұста сенім мен ынтымақтастық әлсіреп бара жатқанын атап өтті. Сондай-ақ, ол қазіргі дағдарыс халықтың осал топтарына қатты әсер етіп, кедейлікті, аштықты ушықтырып, әлеуметтік-саяси толқулар тудыратынын айтты.

Айтуынша, осындай шақта аймақтық ынтымақты нығайту бұрынғыдан да маңызды болып тұр.

«Кейінгі 30 жылда АӨСШК Азия елдері арасындағы диалогтың маңызды тұғырнамасына айналды. Азияның бейбіт әрі өркендеген аймақ болуы бәріміз үшін ұтымды. Осы тұрғыда әріптестігіміз үшін, бейбітшілік пен тұрақтылықты ілгерілету, көпжақты ынтымақтастықты нығайту, адам құқықтары мен тұрақты дамуды ілгерілету сияқты ортақ мақсаттарымыз үшін алғыс айтамын. Заман сынақтарын бірге жеңіп, Азия мен бүкіл әлем үшін жарқын болашақты қамтамасыз етейік. Сол жолда бәріңізге сәттілік тілеймін», - деді Антонио Гутерриш.


Соңғы жаңалықтар