Антропологтар Солтүстік Америкадан ежелгі адам іздерін тапты
АСТАНА. 13 желтоқсан. ҚазАқпарат - Британия және Мексика археологтары Мексиканың солтүстігінен табылған, тасқа айналған бірнеше адам іздерінің жастарын анықтады.
Олар Солтүстік Америкадан табылғандардың ішінде ең ежелгілерінің бірі болып шықты. Бұл зерттеу туралы Journal of Archaeological Science журналында жарияланды, сондай-ақ қысқаша түрде Westerndigs басылымы жазды. Адам іздері мұнда алғаш рет 1961 жылы жол салу кезінде табылған еді.
Белгілі болғандай, жаңадан табылған адам сүйегіне шамамен жеті мың жыл болған. Ал 1961 жылы табылған іздер Солтүстік Америка үшін ежелгі болып саналады. Олардың жасы шамамен 10,5 мың жылды көрсетті.