Әнуар Биданов ҚФФ Әйелдер футбол бөлімінің басшысы қызметіне тағайындалды

АСТАНА. 24 желтоқсан. ҚазАқпарат - Қазақстандық спорт менеджері Әнуар Биданов Әйелдер футбол бөлімінің басшысы қызметіне тағайындалды, деп  хабарлады Қазақстан Футбол Федерациясының баспасөз қызметінен.

Әнуар Биданов ҚФФ Әйелдер футбол бөлімінің басшысы қызметіне тағайындалды

Ол бұған дейін Қазақстан жастар құрама командасының менеджері болды, сондай-ақ «Жетісу» ФК жаттықтырушылар штабына кірді.

Ә. Биданов 1982 жылы дүниеге келді. Әр жылдарда Қазақстан Волейбол федерациясында түрлі қызметтерді атқарды, сондай-ақ футболдан Қазақстан жастар құрама командасының менеджері болды.