Әнуар Нұрпейісов Олимпиаданың қола жүлдегері Денис Тен туралы видеоклип түсірді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Танымал қазақстандық актер, шоумен, продюсер және интернет-жобалаушы Әнуар Нұрпейісов Олимпиаданың қола жүлдегері Денис Тен туралы «КОТэ - бұл Денис» атты видеоклип түсірді. Өзінің туындысын ол ВКонтактедегі парақшасында жариялады.
Тина Тернердің «Simply the Best» әнінің негізінде жазылған өлеңді Нұрпейісов пен Диана Шарапова (ВИА «Негры» тобы) орындайды. Шығарманың сөздерін Нұрпейісовтің өзі жазған.
«КОТэ» - музыкалық-әлеуметтік жоба. Онда Әнуар танымал өлеңдерді жаңа форматта өңдеп, өзекті сөздермен әрлендіріп отырады. Бұның алдында Әнуар осындай бейнеклиптерді ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметовке, «Шахтер» футбол клубына, олимпиада чемпионы Серік Сәпиевке және кәсіби боксшы және әлем чемпионы Геннадий Головкинге арнаған болатын.
Туынды ҚР Тұңғыш Президентінің Қоры студиясында, сонымен қатар Romanoff Production және Dalai Lama Art Center дыбыс жазу орталықтарында өңделді.
Денис Тенге арналған бейнеклип ВКонтактеде орналастырылған: https://vk.com/video437077_168251266 .