Әнуар Сариев Германия ашық кубогында күміс еншіледі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Германияның Хейдельберг қаласында пара-дзюдодан  Халықаралық «German Judo-2017» Германия ашық кубогы өтуде.

Әнуар Сариев Германия ашық кубогында күміс еншіледі

Бұл сында қос отандасымыз Әнуар Сариев пен Орынбасар Құралбай (73 кг) жүлделі II орынға ие болды, деп хабарлайды dodasport.kz. 

60 келі салмақта сынға түскен Атыраулық спортшы Әнуар Сариев төрт кездесу өткізді. Алғашқы жекпе-жегінде Германиялық Фортс Лионды иппонмен ұтты. Кейін Испаниялық қарсыласы Гариса Давидті де оңай жеңді. Жартылай финалда Ресейлік Джабрайлов Заурды да тізе бүктірді. Тек финалда Рио Паралимпиадасының қола жүлдегері Александр Бологаға қосымша уақытта есе жіберді.

Тағы бір айта кететін жайт, Қазақстандық төрешілер арасында Әнуар Сариевтің бапкері Жандос Қияның Германия Халықаралық турнирінің төрешілер құрамында болды.