Аңызға айналған итальялық кино жұлдызы Джина Лоллобриджида қайтыс болды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Италияда 95 жасында итальялық кино жұлдызы, актриса Джина Лоллобриджида қайтыс болды. Бұл туралы ҚазАқпарат ВВС ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Джина Лоллобриджида 1927 жылы Субиако қаласында жиһаз жасаушылардың отбасында дүниеге келген. Ол «Фанфан-Тюльпан» (1952) және «Париж Құдай анасының соборы» (1956) фильміндегі рөлінен кейін танымал болды. Сондай-ақ «Қыркүйекте кел», «Түн сұлулары» және «Сабан жесір» фильмдерімен жақсы есте қалды.

Д.Лоллобриджида барлығы 60-тан астам фильмде ойнады, ол 50-60-шы жылдардағы ең табысты актрисалардың бірі болып саналады. Ол Хамфри Богарт, Фрэнк Синатра және Жерар Филиппен бірге киноға түскен.

Лоллобриджида «Италия Республикасы алдында еңбегі үшін» орденімен марапатталған, сондай-ақ Құрмет легионы орденінің кавалері болған.

2018 жылы актриса Лос-Анджелестегі Голливудтың Даңқ аллеясынан орын алды.

Фото: azertag.az


Соңғы жаңалықтар
telegram