Аңызға айналған Пеле COVID-19-ға қарсы вакцина алды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Аты аңызға айналған бразилиялық футболшы, 80 жастағы Пеле коронавирусқа қарсы вакцинаның алғашқы дозасын салдырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ESPN телеарнасына сілтеме жасап.

Аңызға айналған Пеле COVID-19-ға қарсы вакцина алды

«Бүгін ұмытылмас күн. Маған екпе жасады. Пандемия әлі біткен жоқ. Біз көп адамға екпе жасағанға дейін адамдардың өмірін сақтап қалу үшін ережені сақтауымыз керек», - деп жазды Пеле әлеуметтік желіге.

Қазіргі таңда Бразилия тұрғындарының 4%-ы ғана коронавирусқа қарсы екпе алды.