АӨК субъектілерін қолдау үшін 60 млрд. теңге бюджеттік несие бөлу жоспарланып отыр - А.Мамытбеков
АСТАНА. 25 ақпан. ҚазАқпарат - Биыл «ҚазАгро» холдингі агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қолдау үшін 60 млрд. теңге бюджеттік несие бөлуді жоспарлап отыр.
Бұл жөнінде бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков мәлім етті.
Бұл қаражат АӨК субъектілеріне көктемгі далалық және егін ору жұмыстарын ұйымдастыру үшін, олардан ауылшаруашылық өнімдерін сатып алуға, сондай-ақ жылына 3% сыйақымен ӘКК қамтамасыз ету үшін бағытталатын болады.
«Қаржыландыру мәселесіне тоқталатын болсақ, биыл «ҚазАгро» холдингіне республикалық бюджеттен несие есебінде 60 млрд. теңге бөлініп отыр. Бұл несиенің негізгі мақсаты - ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді тікелей несиелендіру, микроқаржы ұйымдарын несилендіру»,-дейді министр.