АӨСШК өңірдегі тұрақтылықты қамтамасыз етуді өзіне міндет етіп отыр – сарапшы

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес аясындағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған шаралар толық ауқымда жүзеге асуы тиіс. Бұндай пікірді «Рухани жаңғыру» Қазақстан қоғамдық даму институты стратегиялық талдау тобының басшысы Ләззат Нұрқатова білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Астанада өткен Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің ауқымы кеңейе түсті. Бұл саммит жұмысына 11 елдің басшылары қатысты. Азия құрлығындағы мемлекеттерді біріктіретін беделді халықаралық форум өңірдегі тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Азия және Еуропа елдерінің өзара қарым-қатынасы мен ынтымақтастығының нығаюын маңызды міндет ретінде қарастырады. Айта кетерлігі, АӨСШК мүше-мемлекеттерінің келісе отырып айқындаған шаралары толық көлемді, жауапты түрде іске асса, сол міндеттің де дұрыс атқарылғаны көрініс табар еді», - дейді Ләззат Нұрқатова.

Сарапшының пікірінше, Астанада бұндай ауқымды іс-шараны өткізу оңай шаруа емес.

Мұның өзі Қазақстанға және оның қазіргі Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың сыртқы саясаттағы іс-әрекеттеріне халықаралық қауымдастық тарапынан жоғары сенім артылатынын білдіреді.

Соңғы жаңалықтар