22:26, 13 Сәуір 2022 | GMT +5
АӨСШК Саммиті биыл қазанда елордада өтеді
НҰР-CҰЛТАН. ҚазАқпарат - Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің (АӨСШК) VI Саммиті биыл 12-13 қазанда Нұр-Сұлтанда өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.

Алдағы Саммитке дайындық барысы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді мен АӨСШК Хатшылығының атқарушы директоры Қайрат Сарыбайдың кездесуінде пысықталды.
Сондай-ақ, Қайрат Сарыбай Аға лауазымды тұлғалар комитетінің шешімдері мен АӨСШК-ке мүше мемлекеттерге сапарлардың қорытындылары туралы хабардар етіп, Кеңес шеңберіндегі алдағы іс-шаралармен таныстырды.
Тараптар Қазақстан төрағалығының бастамаларын ілгерілету және АӨСШК-тің халықаралық аренада танымалдығын арттыру мақсатында тығыз өзара іс-қимылды жалғастыру ниетін растады.
Айта кетейік, бұған дейін Ақан Рахметуллин Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары лауазымына тағайындалған болатын.