АӨСШК төрағалығы Тәжікстанға өтті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестегі төрағалық Тәжікстанға өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР СІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, БҰҰ Бас Ассамблеясының 73-ші сессиясы аясында Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің мүше-мемлекеттері сыртқы істер министрлерінің арнайы кездесуі өтті.

Кездесу барысында Қытай Халық Республикасынан (2014-2018 жж.) Тәжікстан Республикасына (2018-2020 жж.) АӨСШК төрағалығын тапсыру рәсімі өтті.
Хабиболла Мирзоев Хатшылықтың жаңа Атқарушы директоры болып тағайындалды. Оның кандидатурасын барлық АӨСШК-ге мүше 27 мемлекет бірауыздан қолдады.
null 

Соңғы жаңалықтар