18:25, 04 Маусым 2009 | GMT +5
Апат орнында не өлі, не тірі жан табылмады
РИО-ДЕ-ЖАНЕЙРО. Маусымның 4-і. ҚазАқпарат – Жарылыс француз «Аэробусының» апат себебі ретінде қаралмайды. Бұл жөнінде бүгін Рио-де-Жанейрода өткен баспасөз мәслихатында Бразилия білім министрі Нелсон Жобим хабарлады. Ол мұхит бетіндегі анықталған майлы дақтардың осындай топшылауды жоққа шығаратынын айтты.
Олай болмаған жағдайда жоғары октанды отын толығымен жанып кеткен болар еді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Утро.ру сайтына сілтеме жасап.Апатқа дейін бірнеше күн бұрын Буэнос-Айрестен Парижге ұшатын Air France-нің басқа лайнерін жарып жіберу жөнінде қоқан-лоқы жасалғаны кеше белгілі болды. Бірқатар бұқаралық ақпарат құралдарында осы екі оқиғаның өзара ықтимал байланысы туралы болжамдар айтылған болатын.