Апат салдарынан Бішкек-Астана рейсі кейінге қалдырылды

БІШКЕК. ҚазАқпарат - Бішкек-Астана рейсі тоқтатылды, қалған бөгеліп тұрған рейстер кешке қалдырылды, деп хабарлады Бішкектен «ҚазАқпарат» ХАА  меншікті тілшісі Қырғызстан әуежайының әкімшілігіне сілтеме жасап.

Апат салдарынан Бішкек-Астана рейсі кейінге қалдырылды

Олардың айтуынша, қазір әуежайда Бішкек-Мәскеу, Бішкек-Ыстанбұл, Бішкек-Үрімжі және Бішкек-Астана бағыттары бойынша жолаушылар отыр. Бішкек-Ыстанбұл рейсі кейінге қалдырылды, қалғандары 20.00-ге дейін бөгеледі.

Еске салсақ, 16 қаңтарда сағат таңғы 7.31-де Бішкектің  Дача-Суу  ауылында    әуежайға жақын жерде Гонконгтен Түркияға бет алған жүк ұшағы құлады. Авиалайнер «Манас» әуежайынан май құюды жоспарлаған.  Апат салдарынан 31 адам қаза тапты. Оның ішінде 4 ұшқыш бар. Апат салдарынан Бішкек-Астана рейсі кейінге қалдырылды.