Апат салдарынан елорданың 6 тұрғын үйі сусыз қалды

АСТАНА. 29 желтоқсан. ҚазАқпарат - Апат салдарынан елорданың 6 тұрғын үйі сусыз қалды, деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен.
None
None

Ведомстовның ақпараты бойынша, кеше таңертеңгі 10 шамасында елордада тозығы жеткен диаметрі 100 мм-лік су құбыры жарылды. Соның салдарынан Иманов көшесіндегі №32, 34, 32/2, 36, Бейсекбаев көшесіндегі №3, 3/1 тұрғын үйлердің тұтынушылары сусыз қалды.

Сағат 18:00-де сумен жабдықтау жүйесі толық көлемде қалпына келтірілді. Төтенше жағдайды жоюға «Астана су арнасы» МКК апаттық бригадасының 6 маманы мен 3 техникасы жұмылдырылды.

Соңғы жаңалықтар