Апат салдарынан Шымкент пен Алматы облыстарында 355 абонент газсыз қалды

АСТАНА. 12 маусым. ҚазАқпарат - Шымкент пен Алматы облысында апат салдарынан 355 тұтынушы газсыз қалды.

Апат салдарынан Шымкент пен Алматы облыстарында 355 абонент газсыз қалды

Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен хабарлады.

11 маусым күні Шымкент қаласының Оразбаев көшесінде 25 мм диаметрлі орташа қысымды жерасты газ құбырынан газ ауаға шығып жатқандығы анықталды. Апат салдарынан жеке тұрғын үйдің 320 тұтынушысы газсыз қалды.

Жөндеу, қайта қалпына келтіру жұмыстарымен «ҚазТрансГазАймақ» АҚ-ның 5 маманы мен бір техникасы айналысуда.

Дәл осы күні Алматы облысының Бұлақты ауылында жүк көлігінің жүргізушісі диаметрі 57 мм құрайтын төмен қысымды газ құбырын жаншып өткен. Салдарынан жеке тұрғын үйдің 35 абоненті газдан ажыратылды.

Жөндеу, қайта қалпына келтіру жұмыстарына «Тәуекел-Т» ЖШС-ның 6 маманы мен 2 техникасы тартылды.