Апатқа ұшыраған А-330 ұшағына кешігіп қалған итальяндықтар жол апатында қаза тапты

РИМ. Маусымның 12-сі. ҚазАқпарат – Апатқа ұшыраған "Эйр Франс" әуекомпаниясының А-330 ұшағына кешігіп қалған және соның арқасында аман қалған итальяндық әйел, бірнеше күннен кейін автокөлік апатында қаза тапты,

Апатқа ұшыраған А-330 ұшағына кешігіп қалған итальяндықтар    жол  апатында    қаза тапты
деп хабарлайды ҚазАқпарат ИТАР-ТАСС агенттігіне сілтеме жасап. "Альто Адидже" газетінің хабарлауынша, шыққан тегі неміс итальяндық азаматтар, зейнеттегі ерлі-зайыпты Иоханна және Курт Ганталер мамырдың 31-інде Рио-де-Жанейродағы "Эйр Франс" рейсіне бірнеше минутқа кешігіп қалады. Ал ол ұшақтың Парижге бара жатқан жолда апатқа ұшырап, Атлант мұхитына құлағанын ҚазАқпарат бұдан бұрын хабарлаған болатын. Қайғылы оқиғаға ұшырамай, демалыстарынан аман-есен оралған зейнеткерлер сейсенбі күні Мюнхен әуежайы мен Италияның Бреннеро қаласының арасындағы жолда автокөлік апатында қаза тапты.