Апатқа ұшыраған А321 ұшағында ТЖМ-нің үш қызметкері болған

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мысырда апатқа ұшыраған ресейлік ұшақтың ішінде РФ ТЖМ-нің үш қызметкері болған, деп хабарлады РФ министрінің орынбасары Владимир Степанов.

Апатқа ұшыраған А321 ұшағында ТЖМ-нің үш қызметкері болған

Утро.ру-дың хабарлауынша, ол кадрлар департаментіне қаза тапқан қызметкерлердің отбасыларына көмек көрсету мәселесін шешу бұйрығын берген.

Еске салайық, Шарм-әл-Шейхтан Санкт-Петерборға ұшқан «Когалымавиа» әуе компаниясының Airbus А321 әуе кемесі сенбі күні Мысырда апатқа ұшырады. Оның бортында болған 224 адам қаза тапты. Арасында 17 бала мен 200 ересек адам болған жолаушылар Мысырдағы демалыстан оралып келе жатқан Brisco туроператорының туристері болған.