Апатқа ұшыраған «Аэробус А-310» ұшағының қара жәшіктері табылды
АСТАНА. Тамыздың 7-сі. ҚазАқпарат - Маусымда Комор аралдарының жағалауында апатқа ұшыраған Йемен авиакомпаниясы «Аэробус А-310» ұшағының қара жәшіктерінің орналасқан орны анықталды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Утро. ру сайтына сілтеме жасап.
Теңіз түбінен қара жәшіктерді алу үшін таяу уақыттары ұшақ құлаған аумаққа тереңге батырылатын аппарат әкелінетін болады.