Апатқа ұшыраған «Аэробусты» іздеуге жауын кедергі келтіруде
МӘСКЕУ. Маусымның 6-сы. ҚазАқпарат – Толассыз жауған жауын осы аптада мұхитқа құлаған француздық аэробусты іздеу жұмыстарын қиындата түсті.
Атлантика мұхитындағы Air France ұшағының ықтимал құлау аумағында нөсер жауын жауып, көру қашықтығын қиындата түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Утро.ру сайтына сілтеме жасап.Ұшақтың бөлшектерін іздеу операциясы Фернанду-ди-Норонья аралынан 700 шақырым қашықтықта жүргізілуде. Операцияға Бразилияның, Францияның, АҚШ-тың, Испанияның және басқа да елдердің ұшақтары мен кемелері қатысуда.