Апатқа ұшыраған Airbus A320 ұшағының бөліктері табылды, 150 адам қаза тапты
АСТАНА. ҚазАқпарат - German Wings әуе компаниясына тиесілі Airbus A320 ұшағының бортында 150 адам болған. Бұған дейін БАҚ 142 жолаушы мен 6 экипаж мүшесі бар деп хабарлаған болатын.
Airbus A320 ұшағының бөліктері Альпы тауында теңіз деңгейінен 2 мың метр биіктікте табылды, деп хабарлайды РИА "Новости" Франция ІІМ басшысы Бернар Казневке сілтеме жасап.
Ұшақ «Дюссельдорф- Барселона» бағыты бойынша бет алған. Оның бортында болған жолаушылардың көпшілігі Германия азаматтары.
Франция Президенті Франсуа Олланд ұшақ бортындағы адамдардың тірі қалуы екіталай деп мәлімдеді. Сондай-ақ ол Твиитерде ұшақ апатынан қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтты.