Апатқа ұшыраған алжирлік ұшақтың «қара жәшігі» Францияға беріледі

АСТАНА. ҚазАқпарат – Малидің байланыс министрі Мамаду Камара Air Algerie әуе компаниясының апатқа ұшыраған McDonnell 83 ұшағының «қара жәшігі» сараптама жасау үшін Франция билігіне берілетіндігін мәлімдеді, деп хабарлады шетелдік БАҚ.

Апатқа ұшыраған алжирлік ұшақтың «қара жәшігі» Францияға беріледі

Министрдің айтуынша, Госси ауданында табылған ұшақтың «қара жәшігі» Мали астанасына жеткізілген және таяу аралықта «француздық билікке» берілетін болады. Естеріңізге сала кетейік, 24 шілдеде Буркина-Фасо астанасы Уагадугуден Алжирге бағыт алған McDonnell 83 ұшағымен байланыс жоғалып кеткен. AH5017 рейсін ұшақты испандық Swiftair-ден жалға алған Air Algerie компаниясы жүзеге асырған. Лайнермен байланыс ол Уагдугуден ұшып кеткеннен кейін 50 минуттан соң үзілген.

Ұшақ бортында 116 адам, олардың ішінде 15 елдің азаматы болған, көпшілігі - француздар.