Апатқа ұшыраған Boeing-777 қара жәшігі табылды - ФОТО
АСТАНА. ҚазАқпарат - Апатқа ұшыраған Boeing-777 қара жәшігі табылды, деп жазады Вести.ру.
Анықталған деректер бойынша, құлаған лайнер бортында 283 жолаушы мен 15 экипаж мүшесі болған, деп хабарлады «Малазиялық әуе желілері» өкілдері. Бұл Нидерланды, Малайзия, Австралия, Индонезия, Ұлыбритания, Германия, Бельгия, Филиппин және Канада азаматтары. Олардың барлығы қаза тапты. Оқиға орнында іздеу жұмыстары жүруде. Boeing қара жәшігі табылды.