Апатқа ұшыраған Boeing 777 жолаушыларының жеке заттары Нидерландыға жіберілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Украинада болған ұшақ апатында қаза тапқандардың жеке заттары арнайы ұшақпен Нидерландыға жіберілді, деп хабарлады ИТАР-ТАСС.

Апатқа ұшыраған Boeing 777 жолаушыларының жеке заттары Нидерландыға жіберілді

Малайзиялық әуе кемесі апатын тергеу бойынша құрылған комиссия ақпаратына сүйенсек, арнайы рейспен Донецк мәйітханасынан алынған ДНК материалдары және апат орнынан 1-2 тамызда табылған қаза тапқандардың жеке заттары жөнелтілген.

Халықаралық сарапшылар тобының басшысы Питера-Яапа Альберсбергтің айтуынша, таяу арада қаза тапқандардың заттарымен тағы да бірнеше рейстер ұшады деп жоспарланған.