Апатқа ұшыраған Boeing бортында Малайзия премьерінің өгей анасы болған

АСТАНА. ҚазАқпарат - Малайзия премьер-министрі Наджиб Разактың туысы Украинада апатқа ұшыраған Boeing бортында болған, деп хабарлады Strait Times басылымы отбасы өкіліне сілтеме жасап.

Апатқа ұшыраған Boeing бортында Малайзия премьерінің өгей анасы болған

Атап өтілгендей, 83 жастағы Пуан Шри Шити Амира (Puan Sri Siti Amirah) премьер-министр әкесінің екінші әйелі болған.

Бейсенбі күні Украинаның шығысында малайзиялық Boeing 777 ұшағының апатқа ұшырағаны белгілі. Ол Амстердамнан Куала-Лумпурға ұшып бара жатқан. Ұшақ бортында болған 298 адамның барлығы қаза тапты.