11:54, 05 Желтоқсан 2012 | GMT +5
Апатқа ұшыраған Қытайдың жойғыш ұшағы тұрғын үйдің үстіне құлады, зардап шеккендер бар
БЕЙЖІҢ. 5 желтоқсан. ҚазАқпарат - Сейсенбі күні Қытайдың «Цзянь-7» әскери жойғыш ұшағы Гуандун (Оңтүстік Қытай) провинциясындағы Шаньтоу қаласында апатқа ұшырады.

ҚХР қорғаныс министрінің мәліметінше, Қытайдың Халықтық-азат етуші армиясы Әскери-әуе күштерінің жойғыш ұшағы тұрақты жаттығу ұшуларын жасап жүрген және техникалық ақауларға байланысты апатқа ұшырады.
Пилот катапульталанып үлгерді және дін аман жерге қонды. Жойғыш ұшақ тұрғын үйдің үстіне құлады, салдарынан төрт адам зардап шекті.