Апатқа ұшыраған «Севол» кемесінің иесінің қызы тұтқынға алынды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Апатқа ұшыраған «Севол» кемесінің иесінің үлкен қызы Франция елінде тұтқындалды. Бұл туралы Корея Республикасындағы әділет министрлігінен хабарлады, деп жазады ИТАР-ТАСС.
« Ю Бен Онның қызы - 48 жастағы Ю Сом Наны француз билігі басқаның мүлкін иемденді деген күдікпен тұтқынға алып отыр. Бұл Корея Республикасының прокуратурасы Интерполға оның қай жерде екенін анықтап беру жөнінде өтініш жасағаннан кейін мүмкін болды», - деп хабарлайды министрлік қызметкері.
Айта кетейік, «Севол» кемесі тиесілі болған «Чхонхэчжин хэун» компаниясының басшысы Ю Бен Он қызметтік бабын теріс пайдаланды және салық төлеуден жалтарды деп айыпталып отыр. Оған қазір іздеу жарияланған. Тергеу мәліметтері бойынша ол Сеулдегі діни секталардың бірінде жасырынып жүрген болуы мүмкін. Оңтүстік Корея прокуратурасы Ю Бен Онмен бірге оның шетелде жүрген екінші ұлы Ю Хюк Гиді тұтқынға алу ордеріне қол жеткізуге тырысуда. Жақын арада Франция үкіметі оларды еліне қайтарады деп күтіліп отыр. Естеріңізге сала кетейік, сәуір айының ортасында бортында 476 жолаушысы бар «Севол» паромы Оңтүстік Корея жағалауында аударылып, батып кетті. Оның ішінен тек 174 жолаушы ғана аман қалды.